• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 13 Шілде, 2023

Өңірдің өзекті мәселелері

205 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының (ТҚКБ) басшысы Владимир Воронковпен келіссөз жүргізді.

Кездесуге сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терро­ризм­ге қарсы комитеті (БҰҰ ТҚК) Атқарушы директоратының Атқа­рушы директоры Наталья Герман қатысты.

Тараптар өңірлік қауіпсіздік, Ауғанстандағы ахуал, «Жусан» және «Русафа» қазақстандық гуманитарлық операцияла­ры, Қазақстанның БҰҰ ТҚКБ және ТҚК-мен өзара іс-қимы­лын талқылады. Сондай-ақ БҰҰ-ның­ Орталық Азия мемлекеттеріне терроризмге қарсы күрес, зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бағдарламалық қол­да­уы мәселелері сөз болды. Кез­десуде Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия елдері мен Ауған­станның орнықты дамуы жөнін­де­гі Өңірлік орталығын құру жө­ніндегі Қазақстан бастамасы тал­қы­ланды.

Осы күні Сыртқы істер министр­лігінде ведомствоның Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары  В.Воронковтың төрағалығымен Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халық­аралық ұйымдардың өкіл­деріне арналған брифинг өтті. Іс-шара БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының жұмысы және Орталық Азия мемлекеттеріне жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұруға көмегі туралы хабардар болуды арттыруға бағытталған.

БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілдерінің сапары 13-14 шілдеде Астанада өтетін Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия Форумына қатысуына орайлас ұйымдастырылды.