Шарм-эль-Шейх - Атырау бағытында ұшқан Air Astana лайнері Баку әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Sputnik Әзербайжанның хабарына қарағанда, бұған борттағы жолаушының денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.
Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 16:50-де сәтті қонған.Жолаушыны қонғаннан кейін бірден жедел жәрдем бригадасы әкетіп, оны астанадағы емханалардың біріне жатқызған.