• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2023

Павлодарда скутер тізгіндеген курьер жол апатына ұшырады

291 рет
көрсетілді

Оқиға 12 шілде күні сағат 20:15-те болған. Қазіргі уақытта ер адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қамзин-Амангелді көшелерінің қиылысында «LADA» маркалы көлік пен скутер соқтығысты. Жол апаты салдарынан скутер жүргізушісі ауруханаға жатқызылды», делінген Павлодар облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, 37 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Қазір ол облыс орталығындағы №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.