• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 13 Шілде, 2023

Қор нарығында доллар қымбаттады

236 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесіне қарағанда, доллардың орташа сараланған бағамы 2,53 теңгеге көтеріліп, 443,40 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 шілдедегі бір долларға арналған ресми бағамы 440,55 теңгені құрап отыр.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443,16 теңгеден сатып алынып, 447,26 теңгеден сатылып жатыр. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 443,96 теңге, сату - 446,00 теңге.