• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Пікір 14 Шілде, 2023

Ашықтық – қоғам айнасы

315 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Amanat» фракциясының депутаттары баста­ма­шылық еткен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды әрі тағдыршешті қадам.

Өздеріңіз білетіндей, заңсыз алын­­­ған активтерді қайтару үдерісі өткен жылы басталған еді. Былтыр заңсыз иемденілген және ел аума­ғынан шығарылған 600 миллиард теңгеден астам актив мемлекетке қайтарылды.

Жаңа заң бұл жұмыстың тиім­ділігін арт­тырып қана қоймай, қоғам алдын­дағы ашықтықты қамта­масыз етуге мол мүмкіндік береді. Осы орай­да, активтерді қайтару жөніндегі арнайы комиссия құрылып, оның құрамына уәкілетті органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, халық қалаулылары кіретінін де айта кеткім келеді.

Бұған қоса, жаңа құжатта актив­терді ерікті түрде немесе мәжбүр­леп қайтарудың заңнамалық құралдары ай­қындалды. Бұл – бірқатар мем­ле­кет­тік құрылымды тартуды талап ететін ауқымды жұмыс.

Заң жобасын әзірлеу кезінде Мәжіліс депутаттары әлемнің озық тәжірибесіне сүйенді. Активтер­дің қомақты бөлігі өзге мемлекет­тер­де болуы мүмкін екенін ескере отырып, шетелдік органдармен ынты­мақ­тастық тетіктері қарастырылды. Бұл қадам активтерді елге қайтару кезінде өзара тиімді әрі жедел іс-қимыл жүргізуге мүмкіндік береді. Заң ең алдымен ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және олигополиялық топтарға қол­даны­латынын ерекше атап өткім ке­леді.

Былтыр Мемлекет басшысы актив­терді елге қайтару жұмысы әділ­­дік орнатуға ықпал ететінін атап өткен еді. Бұл құқықтық акті заң­­сыз баюдың себебі мен мән-жайын жоюдың берік негізі болады. Мемле­кетке қай­та­рыл­ған активтер әлеуметтік және эко­номикалық жобаларды қаржы­лан­ды­ратын арнайы қорға құйылады.

Халықтың аузынан жырып, мем­лекеттің қоржынына қол сұққан адам­дардың айла-шарғысы мәңгі жалғаса бермейді. «Ұрлық түбі – қорлық». Жалғыз ақиқат – осы. Қайта­рылған қазына ең алдымен ел игілігіне жұмсалады. Адал өмір сүре білейік. Әділетті Қазақстанды құру ісіне бірігіп атсалысайық.

 

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ,

Мәжіліс депутаты