14 шілдеге қараған түні Алматыдан 823 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Тәжікстанда болған магнитудасы 5,2 жерасты дүмпулері Қазақстанда сезілген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
«14 шілде күні сағат 02:49-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 823 шақырым жерде Тәжікстан аумағында жер сілкінісі болды», деп хабарлады сейсмологтар.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.5.
MPV магнитудасы - 5,7.
Тереңдігі - 35 км.
Cезілгені туралы ақпарат (MSK-64 шкаласымен) жоқ.
13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауылының тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезген еді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 772 шақырым жерде Шығыс Қазақстан аумағында тіркелді.