Италияның Лонато қаласында стенд атудан Əлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Бүгін аралас жұптар арасындағы скит жаттығуында отандасымыз Əсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, біздің спортшылар жүлде жолында Олимпиада чемпионы жəне күміс жүлдегері Кьяра Кайнеро мен Элия Сдруччолиден (Италия-2) басым түсті. Есеп: 44-43.
Бұл сында іріктеуге барлығы 42 команда қатысты.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында бір жүлде бар. Жарыс 17 шілдеде аяқталатындықтан, жерлестерімізде басқа жаттығуларда жеңімпаздар тізіміне кіруге мүмкіндік әлі де бар.