• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 15 Шілде, 2023

Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

178 рет
көрсетілді

Қазақстанның қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, тек Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.