• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Шілде, 2023

Елдің басым бөлігінде әлі де ыстық болады

226 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

16 шілдеде  атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның батысында, солтүстігінде, қиыр шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады. Нақтырақ айтқанда, жаңбыр жауып, елдің батысында нөсер жауын жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал елдің қалған аумағында күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде тұман болады.

Алматы облысының басым бөлігінде және Ұлытау, Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында және Абай облысының оңтүстігінде 35-38°с қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары жоғары болады.

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.