Көпшілік білетіндей, «Онлайн-платформалар және онлайн жарнама туралы» заңы Қазақстан Республикасындағы онлайн-платформаларда, оның ішінде интернет-жарнаманы өндіру және орналастыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық жүйелеуге бағытталған.
Заңда мемлекеттік тілді онлайн-платформалардың интерфейстері мен модерациясына міндетті интеграциялау, жарнаманы әсер етушілермен таңбалау қажеттілігі, заңсыз мазмұнды тиімді модерациялау көзделген. Заң шеңберінде көлеңкелі экономика үрдістерін төмендету және онлайн-алаяқтыққа қарсы күрес жөнінде қажетті шаралар қабылданатын болады. Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды іске асыру үшін онлайн платформалармен тиімді ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді.
Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға келетін болсақ, бұл құжаттың мақсаты – заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару және (немесе) оларды Қазақстандағы заңды экономикалық айналымға тарту. Оларды заңсыз иемделу мен шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Заң және оған ілеспе актілер активтерді ашудың, растаудың, шығарудың және қайтарудың тиісті рәсімін қамтамасыз етуге бағытталған тетіктерді көздейді.
Нұртөре ЖҮСІП,
Сенат депутаты