• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Пікір 16 Шілде, 2023

Жарнама тілі қазақшаланады

311 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңына қол қойды.

Заң бойынша енді онлайн-платформа өкілдері мен ел азаматтарының арасындағы қарым-қатынас құқықтық ар­наға түседі. Ел азаматтарының құқықтары мен мүддедері заңмен қорғалады. Бүгінгі таңда онлайн-платформалардың бір бөлігі елімізде өз өкілдіктерін ашып жатыр. Ендігі кезекте аккаунт­қа қатысты туындаған мә­се­ле­­лер заңмен тиімді реттелмек.

Мемле­кеттік тілдің дамуына қатысты да оң өзгеріс бар. Жарнама бергенде мемле­Һкет­тік тілдегі нұсқасын қамтамасыз ету, зиянды көріністен балаларды сақтау, олар­дың құқықтарын қорғау секілді мәсе­ле­­лер заңда қамтылған.

Заңда жалған ақпарат таратпау сынды нормалар да қарастырылған. Аталған заң ел игілігі мен қоғам дамуына қызмет етіп, аза­маттардың құқықтары мен мүдделерін  қор­ғайды деген сенеміз.

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

саясаттанушы