• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 17 Шілде, 2023

Алғашқы көмек: дәрі-дәрмек қобдишасында не болуы қажет?

490 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып,  медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына келесі заттар кіреді: дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес), эластикалық бинттер, таңғыш пакет, медициналық бұласыр, доғал қайшы, металл, өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі, бір реттік мұз пакеті, ысқырық, шам,  дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр, блокнот, қарындаш, дымқыл майлықтар (антисептикалық), қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға  медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.

Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін.

Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықты қоса бере отырып, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты зардап шеккен адамның денесінің зардап шеккен учаскесін шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.

Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.