• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Шілде, 2023

Павлодар облысындағы өртті сөндіруге ұшқыштар да жұмылдырылды

183 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері Шарбақты ауданындағы орман шаруашылығының 850 га жеріне қызыл жалын жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің апатпен күресетін өрт сөндірушілері қатарына Қарулы күштер авиациясының ұшу экипаждары да қосылды.

«Өртті ауыздықтау шараларына Семей қаласының авиабазасынан келген екі тікұшақ – Ми-17 және Ми-171 жұмылдырылды. Екі күн ішінде тікұшақ экипаждары әуеден көлемі 106 тонна болатын суды 35 мәрте тасып, өртті аймаққа шашты», делінген хабарламада.