• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 17 Шілде, 2023

Елдің 9 облысында 41 градусқа дейін ыстық болады

2021 рет
көрсетілді

«Қазгиромет» РМК синоптиктері 17 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бүгін, 17 шілдеде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күн құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Ал елдің қалған аумақтарында көбіне күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде еліміздің солтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 35-41 градус қатты ыстық күтіледі.