• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 17 Шілде, 2023

Жарқылдаған жас өрен

233 рет
көрсетілді

Жас дарын Шерхан Арыстан «Витебскідегі Славян базары» халық­аралық өнер фес­тивалі аясында өтіп жат­қан «Витебск» XXI ха­лықаралық балалар му­зыкалық байқауының Гран-приін жеңіп алды.

Қазылар алқасы 12 жас­тағы Шерханға кон­курстың екі күнінде де жоғары баға (70 балл) берген. Осылайша, жас талант жал­пы саны 140 балл жинап, ең жоғары нә­тижеге қол жет­кізді.

Ал екінші орын­­ды жер­гілік­ті жас өнерпаз Со­фия Рус­­­тамова (136 ұпай) алса, үшін­ші орынды армениялық Анаит Галстян (133 ұпай) ие­лен­ді. Кон­курсқа 8-14 жас ара­лы­ғын­дағы бар­лығы 18 ел­­дің жас орындаушылары қатысты.

Байқаудың алғашқы кү­нінде Шерхан Арыстан Ан­дреа Бочелли, Дэвид Фостер мен Эми Фостердің Ama, Credi e vai («Сүй, сен және қа­­дам жаса») композициясын орындады. Айта кетейік, Ал­маты облысының тумасы бұған дейін де бірнеше ха­лықаралық бай­қаудың лауреа­ты атанған.

Сондай-ақ халықаралық фес­тивальдің эстрадалық ән орындаушылар байқауында бақ сынаған Құралай Мей­рамбек те жүлделі болды. Екі күндік байқау нәтижесінде ар­мениялық өнерпаз Маша Мнджоян бас жүлде алса, бі­рінші орын беларусь Самир Елчиевке берілді. Екінші орынды ресейлік Елизавета Слышкина мен италиялық Agape бөлісті. Үшінші орынды Құралай Мейрамбек пен өзбекстандық Малика Ха­ки­мова иеленген.

Өнер додасында Құралай беларусь халқының «Рэчанька» әнін шырқап, 70 ұпайдың 69-ын жинаған еді. Байқаудың екінші күні «Әлемдік хит» са­йы­сында «Frozen 2» анима­циялық фильміндегі «Into the unknown» саундтрегін орын­дап, 63 ұпай алды.

Айта кетейік, ересектер байқауына әлемнің 30 елінен үміткер қатысады. Қазақ орын­даушылар бұған дейін атал­ған доданың бірнеше мәр­те жеңімпазы атанған еді. Ди­­маш Құдайберген (2015 жыл) мен Рухия Байдүкенова (2021 жыл) Гран-при жеңіп алса, әр жыл­дары Маржан Арап­­баева, Әлі­шер Кәрімов, Мар­хаба Сә­би және басқа да өнер­паздар жо­ғары марапатқа қол жеткізді.