Жуырда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков астық мәмілесі іс жүзінде тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ президенті Д.Байденнің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Дж. Салливанның айтуынша, егер Ресей билігі астық мәмілесін ұзартудан бас тартса, болашақта үлкен дипломатиялық қиындықтықтарға тап болуы мүмкін.
Оның айтуынша, бұл әрекет арқылы Ресей тарапы Оңтүстік, Африка, Латын Америкасы және Азия елдерін арзан азық-түлікпен қамтамасыз етуден бас тартқанын көрсетеді.