Алматының Алмалы және Жетісу аудандарының бірқатар тұрғын алаңдары суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 шілде күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін:
Алмалы ауданындағы Мақатаев – Чайковский – Райымбек – Наурызбай батыр көшелерінің контурында; Жетісу ауданындағы Райымбек – Желтоқсан көшелерінің, темір жол, Коммунальная көшелері шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.«Алматы су» МКК-нің мәліметінше, бұл секторлардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажыратуға сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп болып отыр.