• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Шілде, 2023

Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды

636 рет
көрсетілді

ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Ораз Нұрділдә Серікұлы Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ораз Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша бітірген.   Еңбек жолын 2003 жылы «31 арна» ЖШС «Информбюро» жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған.   Әр жылдары бірқатар республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2009 жылы ішкі істер органындарына ауысып, Астана қаласының Ішкі істер Департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі болды. 2016ж. ҚР Бас Прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары, 2019-2022жж. ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды.   Қазіргі тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болды.