Отандық компаниялар, оның ішінде шағын және орта бизнес өз үдерістерін белсенді түрде автоматтандырып, әртүрлі ІТ-шешімді енгізуді, онлайн-сервистерді пайдалануға көшкені бүгін емес. Өйткені цифрлық тұрғыда даму үшін компанияларға технологиялық іргетас қажет.
Ал Ұлттық статистика бюросының соңғы деректеріне көз салсақ, елімізде 2 миллионға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істесе, басқа елдерден келетін бизнес легінің арқасында бұл көрсеткіш жыл сайын 31,6 пайызға өсіп жатыр. Сол сияқты басым бөлігі шағын және орта бизнес субъектілері болып келетін шетелдік заңды тұлғалар мен компаниялардың бөлімшелерінің саны да 30,6 пайызға өскен. Мәселен, «Halyk Research» зерттеулері бойынша, Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік шағын кәсіпорындардың саны 2022 жылдың 8 айында 2 есе артып отыр.
Орайы келіп тұрғанда Қазақстанның шағын және орта бизнесінде 4,1 миллионнан астам адам жұмыспен қамтылғанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,3 пайызға артық екенін айта кетуге болады. Бизнес субъектілері былтыр 59,2 трлн теңгеге өнім шығарып, көлемі 38,2 пайызға өсті. Кейінгі бағалау деректері елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын компаниялардың үлесі 36 пайызға тең болғанын айғақтайды. Өңірлер бөлінісінде жоғары көрсеткіштер де бар: Алматы облысында – 45,5 пайыз, Алматыда – 57,5 пайыз, Астанада – 75,7 пайыз.
Бүгінгі таңда бизнестің көзін табудың ең тиімді әдісі – цифрландыру. Мысалы, «BRIF Research Group» компаниясының 2021 жылғы зерттеуіне сәйкес, отандық кәсіпорындардың 92 пайызы бизнесте белгілі бір IT-шешімдерді қолданады, яғни 78 пайызы электрондық кестелерге ойысқан, 77 пайызы бухгалтерлік бағдарламалық жасақтамада жұмыс істейді, 61 пайызы кеңсе бағдарламаларын пайдаланады, ал 28 пайызы өздігінен жазылатын бағдарламалық жасақтаманы қосқан.
Ал шағын бизнеске клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесін (CRM) енгізу өсу нүктесі десек те болады. Отандық нарықтағы зерттеу көрсетіп отырғандай, Қазақстанның шағын және орта бизнесінің 40 пайыздан астамы осы шешімдер класымен таныс, ал компаниялардың 20 пайыздан астамы CRM орнатқан немесе орнатып жатыр. Осынау жүйелерге деген мүдделілік олардың түсінікті тиімділігінен туындайды. Мәселен, «BRIF Research Group» сауалдамасы есеп жүргізу үшін бағдарламаларды пайдаланатын елдегі ұйымдардың 28 пайызы жылына 50-ге дейін сатып алушыны тартатынын көрсетті. Сонымен қатар CRM-мен жұмыс істейтін компаниялардың 29 пайызы бір жылда 1 мыңнан астам сатып алушыны тартады.
– Қазір Қазақстан компаниялары өз бизнес-процестерін біртіндеп цифрландырып жатыр: тауарлар мен қызметтерді сату нүктелерінен онлайн-алаңдарға ойысады, электронды құжаттар қағаз мұрағаттарды орнынан ығыстырады, блокноттар мен кестелердің орнына Excel-де мамандандырылған ІТ-шешімдер пайда болады, клиенттерді қолдаудың бірінші желісін чат-боттар алады. Мұндай мысал өте көп. Бизнеске арналған цифрлық шешімдерге сұраныс артып келеді. Бірақ ІТ күшейген сайын компаниялардың есептеу ресурстарына деген қажеттілігі де артады. Ал цифрландырудың қарқын алуына бұлтты технологиялар көмектеседі, – дейді «VK Tech Қазақстан» өкілдігінің басшысы, «VK Cloud» дамыту жөніндегі директоры Арман Нұрышев.
Егер бағдарламалық жасақтаманы таратудың екі моделі бар болса, бұл – on-premise мен on-cloud. Біріншіcінде – жүйелер өз серверлерінде орнатылса, екіншісінде – жүйелер бұлт провайдерінің деректер орталығында орналасады. Бұлтты ресурстарды пайдаланудың үш моделі бар. Компания бұлтты қашықтағы сервер ретінде пайдалана алады – оған есептеу қуатын жалға алу арқылы жұмыс істеу үшін қажет жүйелер орнатылады (IaaS – қызмет ретінде инфрақұрылым). Үлкен деректерді талдау жобаларын жүзеге асыратын компаниялар осы тапсырмаларды жеңілдететін арнайы құралдарды қолдана алады (PaaS – сервис ретіндегі платформа). Болмаса, SaaS моделі бойынша бұлтта орналастырылған бағдарламаларды қолданады.
«Gartner» сарапшыларының пікірінше, дәл бұлтты технологиялар – бизнесті цифрландырудың қозғаушы күші. «Сондықтан бұлтты провайдерлердің қызметтеріне компаниялардың жаһандық шығындары жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіп жатыр. Қазақстан да сол бағытта жүріп келеді: біздің қазақстандық бизнес тарапынан бұлттарға деген қызығушылық пен сенім айтарлықтай өседі, дейді Арман Нұрышев.
Меншікті инфрақұрылымды пайдалану және басқару айтарлықтай күрделі салымдар мен үлкен ІТ-команданы қажет етеді. Егер сізге бірдеңе әзірлеу қажет болса, онда Data-инженерлер мен DevOps мамандарын жалдауыңыз керек. Егер бизнес on-cloud-та орналастыруға ауысса, онда провайдер осы мәселелердің бәрін шешеді. Ал компания өз ресурстарын есептеу қуатын ұстауға емес, бейіндік қызметке бағыттай алады. Сондықтан бұлтты технологиялардың ең айқын артықшылықтарына тоқталатын болсақ, төмендегідей тізім шыға келеді. ІТ-инфрақұрылымының аутсорсы серверлерді сатып алу мен оларға қызмет көрсетудің қажеті жоқ. Технологияларды басқарумен бұлтты қызметтер платформасының провайдері айналысады; PaaS Time-to-Market-ті жылдам әрі ыңғайлы дамытады және қысқартады; 5 минут ішінде бапталған амалдық жүйемен виртуалды машина іске қосылады; Pay-as-you-go жүйесі бойынша жұмыс: тек пайдаланылған бұлт қызметтері үшін төлем жасалады.
Бұлтты қызмет провайдері жабдықты сатып алып, қызмет көрсетеді, серверлердің жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасалған деректер орталығын салады немесе жалға алады, ақпараттық қауіпсіздік құралдарын және деректердің сақтық көшірмесін жасайды. Осы мақсаттарға айтарлықтай бюджет бөлуге қабілетті ірі компания ғана өзінің ІТ-инфрақұрылымының сенімділігі мен қауіпсіздігінің осындай деңгейін қамтамасыз ете алады. Қалғандарына бұлт қызметтерін пайдалану оңайырақ әрі арзанға түседі.
– Бұлттар цифрлық даму жылдамдығын қамтамасыз ететін болса, бұл – олардың бүгінгі басты құндылығы. Жеке ІТ-инфрақұрылымы дамыған жағдайда компаниялар жабдықты таңдап, сатып алуы керек, жеткізілімді күтуі керек, оны орнатып, баптауы керек. Бұл бірнеше айға созылуы мүмкін. Әрі ол сезімтал деректермен және маңызды инфрақұрылым- мен жұмыс істеуге негізделген. Бірақ егер сізде басқа тапсырмалар болса, бұлттағы ресурстарды мердігерден жалға алған дұрыс. Осылайша, оларды кез келген уақытта бірнеше рет басу арқылы нақты пайдаланылған қуат үшін ғана төлеуге болады, – дейді сарапшы.
Компанияның стратегиясы, оның көлемі, ұйымдық құрылымы, заңнамадағы шектеулер – мұның бәрі айналып келгенде бизнесте бұлтты технологияны қалай қолдануға болатынына әсер етуі мүмкін. Бұл бұлтты шешімдерді қолданудың бірнеше сценарийі ғана.
Стартап үшін жылдам да қарапайым масштабтау маңызды болса, бұлт мұндай форматтарға келгенде тамаша шешім екені даусыз. Өйткені жаңа компаниялардың жаңа жабдықтар сатып алатын шамасы жоқ, ал жаңа есептеу қуатына деген сұранысы орасан. Бұлтты технологиялар стартаптарға ресурстарды бірден көбейтуге және қымбат «темірді» сатып алмай-ақ жұмыс істеуге көмектеседі. Шын мәнінде, стартаптардың басты міндеті – гипотезаларды бірінші болып сынау, ол үшін ауқымды деректер, әртүрлі тапсырмаға арналған деректер қорын басқару жүйесі, машиналық оқыту сияқты заманауи ІТ-құралдарын пайдалана алу мүмкіндігі қажет.
Интернет-дүкендер жылдың белгілі бір уақытында ең жоғары жүктемелерді бастан өткереді. Бұлттар бұзылу қаупін жоюға көмектеседі. Интернет-дүкеннің иесі бос тұрған ресурстарға өліара кезеңдерде төлем жасамау үшін қажет болған жағдайда қуаттарды қосып, өшіре алады. Ал бағдарламамен қамтамасыз ететін компаниялар тек бұлтты инфрақұрылымды ғана емес, сонымен қатар автоматтандыруға арналған әзірлемелерді, сондай-ақ даму қауіпсіздігін (сақтандыру кодын бақылау, осалдықтарды іздеу және т.б.) қолданса, олар pay as you go (PAYG) моделі бойынша қолжетімді. Мысалы, SaaS үлгісіндегі бұлт қызметтері қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуін ұйымдастыруға көмектеседі, яғни кеңсе бағдарламаларын, бейнеконференция қолданбалары мен мессенджерлерді, деректер қоймалары мен тағы басқасын елдің ғана емес, әлемнің әртүрлі нүктесінен бұлт арқылы тікелей пайдалануға болады.
Қорыта айтқанда, бұлтты қызметтерді – инфрақұрылымдық, платформалық, қолданбалы қызметтерді пайдалану кез келген саладағы бизнесті өркендете алады. Бұлттар технологияға қол жеткізуді, цифрлық дамуды жеңілдетеді, жобаларды жүзеге асыруда командалардың еңбек шығындарын азайтып, ІТ-инфрақұрылымын құруда компаниялардың қаржысын үнемдейді.