• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Сенат 20 Шілде, 2023

Жұрт тілегі – уақыт талабы

213 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Андрей Лукин елорда аудандарының тұрғындарымен және әкімдіктердің өкілдерімен кездесті.

Әкімдік өкілдері кездесуде 2023 жыл­дың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Депутат бюджеттік бағдарламаларды іске асы­рудағы 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептерді, сондай-ақ 2023-2025 жыл­дарға жоспарланған шығыстар туралы ақпа­ратты да тыңдады. Депутатпен және әкімдік өкілдерімен пікірлесуге ынталы қала-аудандардың тұрғындары да кездесуге қатысты. Азаматтарды қызықтырған мәселелердің қатарында тұрғын үй саясаты, атап айтқанда, көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының тығыздығы және тұрғын үй кешендеріндегі су қысымының азаюы мен судың мүлдем болмауы туралы болды.

Сенатор өз кезегінде парламентшілер айтылған барлық мәселені назарда ұстайтынын айта келіп, Сенаттың өткен сессиядағы жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті.

«Парламент VIII шақырылымның I сессиясы барысында жалпы алғанда 25 заңнамалық акті қабылдады, оның ішінде еліміз бен халық үшін аса маңызды «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды, құжат Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз сатып алынған активтерді қайтаруға, сондай-ақ еліміздің заңнамасындағы мүлікті заңсыз сатып алу мен қаржыны шығаруға ықпал еткен жағдайларды жоюға мүмкіндік береді»,  деп атап өтті сенатор.

***

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Аман­тайұлы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке Ақсу ферроқортпа за­уытының тозығы жеткен қазандығы туралы депу­таттық сауал жолдаған болатын.

Депутат қыстың көзі қырауда Ақсу қаласының тұрғындары да жылусыз қалуы мүмкін деген қауіппен дабыл қа­ғып, арнайы шаралар қабылдау керегін айтты. А.Сәтқалиев министрлік рес­пуб­ликалық бюджеттік бағдарламаның әкім­шісі ретінде «Ақсу қаласындағы қалалық жылыту қазандығы» нысанын іске қосу жобасына 5,9 млрд теңге, оның ішінде іске қосу-баптау жұмыстарына 205 млн теңге бөлгенін хабарлады.

– Жаңа жылыту қазандығында іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу барысында қазандықтың оттығына көмір құю жұмысында ұсақ фракцияны алып кету және жанбау сияқты бірқатар бұзу­шылық анықталды. Нәтижесінде, ұсақ фракцияның қалдықтары күл шығару арналарында бітеліп қалды. Осы мәселені шешу шеңберінде мердігер ұйымдар жобалау құжаттамасында көзделмеген ұсақтау қондырғыларын монтаждады.

Осыған байланысты тапсырыс беруші мердігер ұйымдардың атына анықталған ескертулерді жою және жобалық құжат­тамаға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хаттар жолдады. Жойылмаған жағдайда мәселе қолданыстағы заңнама шеңберінде шешілетіні ескертілген, – деді жауабында министр.

Сонымен қатар А.Сәтқалиев 26 мау­сымда Мәжілістің Экология және таби­ғатты пайдалану мәселелері коми­тетінің төрағасы Е.Жаңбыршин өткізген кеңестің қорытындысында жергілікті атқарушы органға мердігер ұйымдармен бірлесіп, қазандықты пайдалануға беру бойынша жұмысты аяқтау туралы тапсырма берілгенін мәлімдеді.

Павлодар облысының және Ақсу қала­сының әкімдіктеріне жасалған шарттар негізінде жоба бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен бір­лесіп, қажетті шараларды, оның ішінде жергілікті деңгейде аталған ведом­ство­аралық комиссия құру арқылы қабылдау тапсырылған.