Сенат депутаты Андрей Лукин елорда аудандарының тұрғындарымен және әкімдіктердің өкілдерімен кездесті.
Әкімдік өкілдері кездесуде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Депутат бюджеттік бағдарламаларды іске асырудағы 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептерді, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстар туралы ақпаратты да тыңдады. Депутатпен және әкімдік өкілдерімен пікірлесуге ынталы қала-аудандардың тұрғындары да кездесуге қатысты. Азаматтарды қызықтырған мәселелердің қатарында тұрғын үй саясаты, атап айтқанда, көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының тығыздығы және тұрғын үй кешендеріндегі су қысымының азаюы мен судың мүлдем болмауы туралы болды.
Сенатор өз кезегінде парламентшілер айтылған барлық мәселені назарда ұстайтынын айта келіп, Сенаттың өткен сессиядағы жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті.
«Парламент VIII шақырылымның I сессиясы барысында жалпы алғанда 25 заңнамалық акті қабылдады, оның ішінде еліміз бен халық үшін аса маңызды «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды, құжат Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз сатып алынған активтерді қайтаруға, сондай-ақ еліміздің заңнамасындағы мүлікті заңсыз сатып алу мен қаржыны шығаруға ықпал еткен жағдайларды жоюға мүмкіндік береді», деп атап өтті сенатор.
***
Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке Ақсу ферроқортпа зауытының тозығы жеткен қазандығы туралы депутаттық сауал жолдаған болатын.
Депутат қыстың көзі қырауда Ақсу қаласының тұрғындары да жылусыз қалуы мүмкін деген қауіппен дабыл қағып, арнайы шаралар қабылдау керегін айтты. А.Сәтқалиев министрлік республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде «Ақсу қаласындағы қалалық жылыту қазандығы» нысанын іске қосу жобасына 5,9 млрд теңге, оның ішінде іске қосу-баптау жұмыстарына 205 млн теңге бөлгенін хабарлады.
– Жаңа жылыту қазандығында іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу барысында қазандықтың оттығына көмір құю жұмысында ұсақ фракцияны алып кету және жанбау сияқты бірқатар бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, ұсақ фракцияның қалдықтары күл шығару арналарында бітеліп қалды. Осы мәселені шешу шеңберінде мердігер ұйымдар жобалау құжаттамасында көзделмеген ұсақтау қондырғыларын монтаждады.
Осыған байланысты тапсырыс беруші мердігер ұйымдардың атына анықталған ескертулерді жою және жобалық құжаттамаға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хаттар жолдады. Жойылмаған жағдайда мәселе қолданыстағы заңнама шеңберінде шешілетіні ескертілген, – деді жауабында министр.
Сонымен қатар А.Сәтқалиев 26 маусымда Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Е.Жаңбыршин өткізген кеңестің қорытындысында жергілікті атқарушы органға мердігер ұйымдармен бірлесіп, қазандықты пайдалануға беру бойынша жұмысты аяқтау туралы тапсырма берілгенін мәлімдеді.
Павлодар облысының және Ақсу қаласының әкімдіктеріне жасалған шарттар негізінде жоба бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, қажетті шараларды, оның ішінде жергілікті деңгейде аталған ведомствоаралық комиссия құру арқылы қабылдау тапсырылған.