• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Шілде, 2023

Бас прокуратура балалар лагерлерін тексереді

249 рет
көрсетілді

Алматы қаласының прокуратурасы «сауна ғимаратында балалар лагерін» ұйымдастыру фактісі аясында кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

Сондай-ақ биылғы жылдың маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді.

«Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының бұзылуын ескере отырып, Бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті.

Тексерулермен қатар балалардың тұруын, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету жағдайын қамту жоспарланды», деп хабарлады Бас прокуратура. 

2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттеліп жатыр.