Қарағанды қаласында дәрігерлер екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құртты алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасының мәліметі бойынша екі жастағы баланың ата-анасы денсаулық сақтау ұйымына 18 шілде күні келіп, 19 шілдеде қайтадан шақырылып, дәрігерлердің тексеруінен кейін бала ауруханаға жатқызылған.
Қыз баланың мұрнынан жағымсыз иіс 3-4 күн бұрын пайда болса да, ата-анасы дәрігерге баланың мұрнынан қан кете бастаған кезде барған.
Баланың мұрнынан 10 тірі құрт пен губканың бір бөлігі шыққан.
«Бұл сирек кездесетін жағдай», дейді дәрігерлер.