• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Өнер 20 Шілде, 2023

Петропавлда Жамбыл Жабаев бейнеленген панно пайда болды

392 рет
көрсетілді

Петропавл қаласының кіреберісіндегі Жамбыл көшесінде көпқабатты үйдің сыртқы қабырғасына жыр алыбы Жамбылдың биіктігі 20 метрлік портреті салынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Авторы - ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Болат Әсербеков.

«Бұл бастаманы қала билігі алға тартып, біз құптап, бір жыл ішінде аяқтадық. Туынды бастан-аяқ керамикалық тақтайшадан қаланғандықтан күн сәулесіне де, жаңбырға да төзімді, сондықтан ұзақ жылдар сақталады. Осы қаланың Абай көшесінде салынған Абай бейнесін де дәл осындай материалдан қалаған едім», деді Болат Әсербеков.

Қала тұрғындары туындыға дән риза.