Синоптиктер 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел бойынша жел күшейеді, Жетісу облысында 30 м/с және одан жоғары жел соғады, түнде және таңертең солтүстікте және батыста тұман түседі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +25+27°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +30+32°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.