Алматының Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы Су» мекемесінің хабарлауынша, бұл судың ластануына байланысты жасалған шара.
Су беру көздеріндегі жауын-шашынға байланысты бастапқы судың лайлану деңгейі көтерілді. Сондықтан су қабылдау уақытша тоқтатылды.
Осының салдарынан мына мекенжайлар бойынша орналасқан тұтынушыларға су беру шектелген:
Юбилейный ша; Тау самалы ша (Каменское үстірті); "ВИП Алем" коттедж қалашығы; "Европолис" ТҮ; Керей Жәнібек Хандар к; Оңдасынов к; Әулие Ладушкина к; Оспанов к; Қыз Жібек к; Жәнібеков к; Найманбаев к; Достық даңғылы; Чайкин к.Мына көшелердің бойында желілердегі су қысымының төмендеуі байқалады:
Қажы Мұқан к; Байжанов к; Луганск к; Достық даңғылы; Нұрмағамбетов к; Сахариев к; "Көк төбе" ша; "Самал 1-3 ша"; Горный гигант" ша.Тау өзендеріндегі судың лайлылығының шоғырлануының қалыпқа келуіне байланысты су қайта қалпына келеді.