Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Чехиядағы Оломоуц ITF W60 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая финалда чехиялықтар Магдалена Смекалова - Тереза Валентовамен бас жүлдені сарапқа салды.
Чехиялық жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан бір апта бұрын Ж.Құламбаева Римде жарыстың жеңімпазы атанды. Бұл жолы финалмен шектелді.