Ақмола облысы Ерейментау ауданында дала өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, өрт бүгін сағат 11-ге таяу Жаңажол ауылы тұсынан басталған.
Қазір қызыл жалын 25 гектарды шарпыды.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Елді мекендер мен орманға қауіп төніп тұрған жоқ. Сөндіру жұмыстарына 30 адам мен 14 техника жұмылдырылды.