• RUB:
    5.47
  • USD:
    475.18
  • EUR:
    510.72
Басты сайтқа өту
Бокс 23 Шілде, 2023

Қарсыласын сұлатып салды

196 рет
көрсетілді

Екінші жартылай орта салмақта жұ­ды­рықтасатын дарынды кәсіпқой бокс­шымыз Сұлтан Зауырбек (15-0, 11 KO) кезекті айқасын Шотландияда өткізіп, қарсыласынан мерзімінен бұрын басым түсті.

Әуесқой бокста жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ересектер бәсекесінде бірқатар табысқа жеткен отандасымыз кәсіпқой бокста да тәуір нәтиже көрсетіп келеді. 2018 жылдан бастап кәсіпқой боксқа ден қойған 27 жастағы отандасымыз бүгінге дейін 14 айқас өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. 10 қарсыласын мерзімінен бұрын тізе бүктірген еді.

Шотландияның Эдинбург қаласында ұйымдастырылған бокс кешінде жерлесіміз Испанияның атақты боксшысы, кәсіпқой шаршы алаңда бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген Джон Картермен (15-1-1, 7 КО) қолғап түйістіріп, 10 раундқа жоспарлан­ған жекпе-жектің үшінші раундында қарсыласын нокаутпен жеңді. Осылайша, WBO European белбеуінің иегері Сұлтан Зауырбек карье­расындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді.