• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Жастар 24 Шілде, 2023

Қазақстандық студенттер халықаралық спорттық шараға қатысады

253 рет
көрсетілді

Ел құрамасы сапындағы қазақстандық 90 студент Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім еткендей, XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындарында қазақстандық студенттер жүзу, жеңіл атлетика, семсерлесу, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, таеквондо, үстел теннисі, у-шу, оқ ату, садақ ату, дайвинг, су полосы, бадминтон, баскетбол, академиялық есу, үлкен теннис, волейбол секілді спорттың 11 түрінен сайысады.

Еліміздің құрамасы 26 жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған.

Аталмыш халықаралық спорттық шара 27 шілде - 8 тамыз аралығында өтеді.