• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Шілде, 2023

Төрт жүлде жеңіп алды

78 рет
көрсетілді

21-23 шілде күндері Малайзия­ның Малакка қаласында ұйымдастырыл­ған пара каратэден Азия чемпионатын­да жерлестеріміз сәтті өнер көрсетіп, төрт медаль олжалады.

Пара спортшылар арасындағы сары құрлық додасына Азияның 6 мемлекетінен келген 50 спортшы қатысты. Азия бірін­шілігіне Қазақстан құрамасының бес спортшы қатысып, нәтижесінде 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.

Атап айтар болсақ, әйелдер арасында­ғы бәсекеде Ләззат Жүсіпова мен Хазгүл Изма­ғамбетовалар өз салмақ дәрежелерінде үздік шығып, алтыннан алқа тақса, ерлер жарысында бақ сынаған Дидар Мұхамеджанов пен әйелдер арасында өнер көрсеткен Нұржайна Жаннетова финалдық сайыс­та қарсыластарына есе жіберіп, Азия чем­пионатының күміс жүлдесін иеленді.