Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барысы» жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын бастады.
Кеше хоккейшілер «Барыс Арена» спорт кешеніндегі мұзайдында алғашқы жаттығуын өткізді. «Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка жаттығу үдерісіне аздаған өзгерістер енгізгенін айтты. «Біз енді бұрынғыдай екі жаттығу жиынын емес, қысқа-қысқа бес жаттығу кезеңін өткіземіз деп жоспарладық. Әрқайсысы әр бағытта жүреді. Негізінен сырғанау жаттығуына көбірек көңіл бөлеміз», дейді А.Скабелка.
Айта кетейік, «Барыс» ҚХЛ-дің биылғы маусымындағы алғашқы ойынын 2 қыркүйек күні елордада Өфенің «Салават Юлаев» командасымен өткізеді. Ал 4 қыркүйекте «Сибирь» клубымен кездеседі. Кейіннен сырт алаңдағы ойындар сериясына қатысу үшін Новосібірге аттанады.