• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Шілде, 2023

Ең тартымды өңірлер

169 рет
көрсетілді

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2023 жылдың алғашқы 4 айында (қаңтар-сәуір) елімізге 3,5 млн турист келген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға артық. Мәдениет және спорт министрлігі осы уақыт аралығында ішкі туризмді ынталандыруға арналған бірнеше бағдарлама әзірлеп, іске қосты. Соның нәтижесі болар, кейінгі жылдары елімізге келетін саяхатшылардың саны күрт артып отыр.

Осы ретте, елімізге келген 3,5 млн туристің назарын өздеріне аударып, қызы­ғушылығын тудырған Қазақ­станның үздік бес қала­сын назарларыңызға ұсына­мыз. Әзірге, елге келетін турис­тер­дің басым бөлігі Алатаудың бөк­терінде орналасқан Алма­ты­­ға соқпай кетпейтіні бай­қа­ла­ды. Яғни Алматының тау­-шаң­ғы курорттары, сұлу таби­ға­ты, қолайлы климаты мен қонақ­­жай­лы­лы­ғы туристерді бейжай қалдырмаса керек.­ Осы және басқа да артық­шы­лы­қ­тары бар Алматы қазіргі таң­да­ еліміздегі бірегей туристік қала саналады. Биылғы жыл­дың­ алғашқы төрт айында оңтүс­тіктегі мегаполиске 1 185 130 адам саяхаттап келген екен.

Елімізге келетін турис­тер­дің­ екінші бағыты – Астана қала­сы. Еліміздің бас шаһары әкім­шілік-іскерлік орталық қана емес, туристер жиі таңдай­тын басым бағыттардың біріне айналып үлгерді. 2023 жылдың алғашқы төрт айында ғана Астана 951 750 мейманды қабылдаған. Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорда іргесінде еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей құрылысы жүріп жатыр. Бозоқ – бас қаланың туристік бойтұмары ретінде қонақтар міндетті түрде тамашалауға баратын орынға айналады.

Қонақжайлылық бо­­йын­­ша­ ешкімге есе жібер­мей­­тін Шымкент туристер саны­ жағынан да көш басында. Қаң­тар-сәуір аралығында шырайлы Шым шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған. Мұнда кез келген турист көңілі қала­ған­ демалысты таңдай алады­. Киелі тарихи орындарға сая­хат, шипайжайдағы дема­лыс­ немесе қалада жиі ұйымдас­ты­ры­латын спорттық, мәдени-бұқа­ралық іс-шараларға қаты­су­ға болады.

Атырау қаласы да шетелдік турис­тер арасында танымал қалаға айналып барады. 2023 жылдың алғашқы төрт айында қалаға 305 460 қонақ келген. Мамыр айында Мәде­ниет және спорт минис­тр­­­лі­­­гі­нің қолдауымен өңірде «Сарайшық» визит-орталығы ашыл­ды. Мұнда туристерге Қазақ хандығы, Алтын Орда және ежелгі дәуірдегі қалашық тари­хы­мен танысуға барлық жағ­дай жасалған. Демек жаз­ғы маусымда Атырауға келу­ші­лер саны тағы да артатыны анық.

Сонымен қатар қарт Кас­пий­­дің ақмаржаны – Ақтау да турис­терге тартымды қала сана­лады. Биыл қаңтар-сәуір аралы­ғында Ақтауға 220 660 қонақ келген. Ал жазғы мау­сым­да туристер тарапынан Маңғыстау облысының орта­лы­­ғына қызығушылық 20%-ға дейін артып отыр.