• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Шілде, 2023

Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім бар

189 рет
көрсетілді

Абай облысында биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында барлығы 11 773 (оның ішінде тұрақты 7 242) жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің телеграм парақшасына сілтеме жасап.

Абай облысы әкімдігінің ақпаратынша, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім байқалып отыр.

«Осы жылдың алғашқы алты айында өңір кәсіпорындары 673,6 млрд теңгеге өнім өндірді. Негізгі үлесі – 56,3% тау-кен өнеркәсібі және кенорындарын қазуға тиесілі. Бұл салада 379,5 млрд теңгеге, ал өңдеу өнеркәсібінде 269,2 млрд теңгеге өнім шығарылды. Өңірде ауыл шаруашылығы белсенді дамып келеді. Бұл салада жалпы өнім көлемі 143,7 млрд теңгені құрады», делінген хабарламада.

Облыс көлемі бойынша егіс егу науқаны толығымен аяқталған. Оның көлемі жалпы 654,2 га аумақты құрады.

«Оның ішінде дәнді дақылдар – 297,3 мың га, майлы дақылдар – 306,2 мың га, картоп – 7,7 мың га, көкөністер – 3,6 мың га, бақша дақылдары – 2 мың га. Инвестиция тарту бойынша жұмысқа ерекше көңіл бөлініп жатыр. Өткен алты айда өңірге 230,5 млрд теңге тартылды. Абай облысында құрылыс белсенді қарқынмен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 63,1 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері 130,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», делінген мәліметте.

Бірінші жартыжылдықта облыста 11 773 жұмыс орны құрылған, оның 7 242-сі тұрақты.

«Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу үшін 12 282 адам жүгінген, оның ішінде 6 512 адам жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 3 074 адам жіберілді», делінген ақпаратта.