• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экология 25 Шілде, 2023

Шардара су қоймасын шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды

312 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Шардара су қоймасының түбін тазартуға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлемі бойынша елімізде үшінші орын алатын 1966 жылы салынған Шардара су қоймасының соңғы батиметриялық түсірілімі (тереңдіктегі бірдей сызықтар туралы деректерді жинау процесі) 1977 жылы жүргізілген, сол кезеңдерде су қоймасының көлемі 5,2 млрд м3 құраған екен.

Уақыт өте келе су қоймасының түбі біртіндеп шөгінділерге толып, су қоймасының көлемінің өзгеруіне әкеліп соққан (соңғы 55 жылда шөгінді тұнбасының көлемі шамамен 20% құрайды). Жаңа батиметриялық түсірілім су қоймасының нақты көлемін анықтау үшін жүргізілді.

Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары басталды, су қоймасының түбінен сынақ материалдары алынып, шөгінділердің арақатынасын анықтау үшін зертханаға жіберілген. Ал шөгінділерді өңдеп, материал ретінде кәдеге жарату жаңа технологияларды қажет етпек.

Айта кету керек, мұндай жұмыстар елімізде алғаш рет жүргізілуде, бұл оңтүстік аймақтарындағы су тапшылығын жою үшін жаңа серпін болмақ.

Бүгінгі таңда Шардара су қоймасы:

- ағысы - 94 м3/сек, - көлемі - 1 993 млн м3, - суды ағызу - 612,15 м3 / сек, оның ішінде: - Қызылқұм каналы - 100 м3 / сек - Сырдария өзені - 500 м3 / сек - Маш.каналы - 11,5 м3 / сек - Қарасақал - 0,65 м3 / сек