• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Шілде, 2023

Азияда алдыңғы лектеміз

173 рет
көрсетілді

Каратэден Қазақстан құрамасы Ма­лай­­зияда өткен Азия чемпионатын­да 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Отандастарымыздың арасынан жеңіс тұғырына ерлер арасындағы Премьер-лига жарыстарының жеңімпазы, Ислам ынты­мақтастығы ойындарының чемпионы Қайсар Алпысбай (60 кг) және Азия біріншілігінің жеңімпазы мен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысушы Нұрқанат Әжіқанов (75 кг) көтерілсе, қыздар сайысында Азия чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (68 кг) топ жарды. Сонымен қатар Дидар Әмірәлі (67 кг), Мөлдір Жаңбырбай (50 кг), Гүлмира Үсенова (55 кг) және «кумитэ» бойынша ерлер командасы күміс медаль жеңіп алды.

Ал Жоламан Биғабыл (55 кг), Лия Қош­қарбаева («ката» жаттығуы), Данияр Юлда­шев (84 кг) және Абылай Төлтай (84 кг) ел қоржынына қола жүлде салды. Айта кетейік, биылғы Азия біріншілігіне сары құрлықтың 31 елінен келген ең таңдаулы 400-ден аса каратэ шебері қатысты. Олардың арасында ел намысын 19 спортшы қорғады.