• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Шілде, 2023

Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы сотқа апелляциялық шағым түсірді

231 рет
көрсетілді

Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы сот үкіміне шағымданды. Іс апелляциялық сатыға жолданады, деп  хабарлайды  Egemen.kz.

Бүгінгі таңда Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы үкіміне апелляциялық шағым келтірмеді.

Алайда, оның қорғаушысы тарапынан үкімге апелляциялық шағым түсті. Оның негізінде қылмыстық іс заңда көрсетілген мерзімге сәйкес апелляциялық сатыға жолданады.