• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Шілде, 2023

Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды

1837 рет
көрсетілді

Астана қаласының тұрғыны Әли Насырбек жыл сайын өтетін Copernicus Olympiad сайысына қатысып, биыл әлемнің үздік математигі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Qazaqstan ұлттық арнасының жазуынша, жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелді. Қазақстан намысын 51 бала қорғады. 

Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келетінін айтты.

«Жарыс АҚШ-та Нью-Йорк қаласында өтті. Біз ол жерде әлемнің ең күшті университетінің бірі Колумбия университетінде болдық. Одан соң Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Олар - ең күшті университеттердің бірі. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын», деп өз арманымен бөлісті Әли Насырбек.