Петропавл қаласының аумағында қалалық мектеп мұғалімінің миссионерлік ісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнекамералар орнатылмаған жерде оқушыларға діни жиындар өткізген 28 жастағы ер адамнан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.
«ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды», делінген ақпаратта.