Құбырды жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Райымбек даңғылының бір бөлігінде бір ай бойы жол жүруге жартылай шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
«28 шілдеде сағат 22:00-ден 27 тамызға дейін Алматының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойымен – Байзақов көшесінен Батыс бағыттағы Казаков көшесіне дейін автокөліктер үшін қозғалыс жабылады», делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС таратқан хабарламада.
Компанияда аталған жол учаскесінің жүру бөлігімен өтетін құбырдағы жоспарлы жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілгенін түсіндірді.
«Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала болжауларыңызды сұраймыз», деп хабарлады ЖШС баспасөз қызметі.