• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 26 Шілде, 2023

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

366 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мейрамбек Шермағанбет 1972 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих», «Экономика», Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы № 239 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1995-2004 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, аппарат басшысы болды.

2004-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім беру, тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

2022 жылдың шілде айынан осы кезге дейін Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.