• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 27 Шілде, 2023

Ұлттық құраманың тізгінін ұстады

195 рет
көрсетілді

Отандық футбол жаттықтырушысы Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құ­ра­­масының бас бапкері болып та­ғайын­далды. Бұл туралы Қазақстан фут­бол федерациясының баспасөз қыз­меті мәлімдеді.

52 жастағы Мадияр Кембілов бапкерлік мансабын 2005 жылы бастаған. Әр жылдары ол «Ордабасы U-16», «Академия Оңтүстік», «Тұран Ж», «Яссы» сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда ол «БИІК-Шымкент» қыздар командасының бас бапкері болып жұмыс істейді. Ал бұған дейін еліміздің әйелдер құрамасын ресейлік маман Александр Семенов жаттықтырып келген еді.

Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қоры­тындысы бойынша біздің команда С лига­сы­ның төртінші тобында Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен ойнайды. Топ­тық кезеңнің матчтары осы жылдың 20 қыр­күйегінде басталып, 2023 жылдың 5 жел­тоқсанына дейін жалғасады.