• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Шілде, 2023

Алматыда құрылыс заттарын сататын дүкен өртенді

127 рет
көрсетілді

Алматыда құрылыс заттарын сататын дүкен отқа оранды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 20 минуттың ішінде сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 16:16 шамасында өрт сөндіру бригадасы Түрксіб ауданы «Қайрат» ықшам ауданы, Түркістан көшесі 27, мекенжайына жоғары ранг бойынша шықты.

«Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндірушілер құрылыс материалдарын сататын дүкен аумағының 150 шаршы метр жері ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қабылданған шаралармен 16:33-те өртті ауыздықтауға қол жеткізіліп, 16:42-де жойылды», деп хабарлады департаменттен.

Қазіргі уақытта, үйінділерді бөлшектеу, тұтанып тұрған құрылымдарға су төгу жұмыстары жүргізілуде.

Атқарылған шаралармен тауарлық-материалдық құндылықтары бар көрші сауда нүктелеріне оттың таралуына жол берілмеді.