Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне арнап жаңа маусым алдындағы ашық жаттығу жиынын өткізеді.
30 шілдеге жоспарланған жаттығу «Барыс Арена» мұз айдынында сағат 17:00-де басталады. Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері жаттығуды тамашалау үшін сағат 16:20-дан бастап аренаның орталық есігінен кіре алады. Жанкүйерлер үшін А7, A8, A9, A10, A11 секторлары ашық болады.
Айта кетейік, «Барыс» ҚХЛ-дің биылғы маусымындағы алғашқы ойынын 2 қыркүйек күні елордада Өфенің «Салават Юлаев» командасымен өткізеді. Ал 4 қыркүйекте «Сибирь» клубымен кездеседі. Кейіннен сырт алаңдағы ойындар сериясын бастау үшін Новосибирьге аттанады.