• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Шілде, 2023

28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

180 рет
көрсетілді

Синоптиктер бүгін атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлады. Жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, дауыл соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тек оңтүстікте және батыста күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейеді. Түнде солтүстікте, солтүстік-батыста тұман түседі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында 42-43°С өте қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары болмақ.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.