Қазақстан қор биржасы (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,98 теңгеге көтеріліп, 445,68 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 62,24 теңгені (-0,04) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 495,37 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447 теңге, еуро 488,5-492,5 теңге, ресей рублі 4,81-5,03 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал 28 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің бағасы 0,58%-ға төмендеп, барреліне 83,75 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада қыркүйек айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің баға белгіленімі 0,46%-ға арзандап, барреліне 79,72 долларды құрады.