• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Шілде, 2023

Үндістанда ерлі-зайыптылар баласын сатып жіберген

517 рет
көрсетілді

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында ерлі-зайыптылар iPhone 14 сатып алу үшін баласын сатып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оғаш өзгерісті көршілері байқапты. Сегіз айлық сәбиі жоғалып кетсе де, ата-анасында ешбір алаңдаушылық болмағаны және олардың қымбат телефон сатып алғаны көршілердің күдігін туғызған.

Қысымға ұшыраған әйел күйеуі екеуі iPhone сатып алу үшін баласын сатқанын мойындаған. Бұл оларға Бенгалияны аралап, сапарларынан роликтер түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуге мүмкіндік берген.

Одан да сорақысы, баланың әкесі сәбиін сатпас бұрын, жеті жасар қызын сатпақшы болған екен.

Жергілікті полиция Сати есімді әйелді ұстаған, бірақ ол қашып үлгерген. оның күйеуі Джайдев Гош әлі іздестірілуде. Полиция ерлі-зайыптылардың үстінен қылмыстық іс қозғады, баланы сатып алған әйел де адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Үндістанда материалдық пайда үшін балаларын сатуға барған жұптар бұған дейін де болған екен.