Ұлытау облысының тұрғыны 73 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашев әлемді жаяу аралайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Былтырғы жылы алты ай мерзімде еліміздің барлық облысын аралап шыққан ақсақал енді әлемге саяхаттамақ.
Сәрсенбай Қотырашев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен кеше жолға шығарып салу шарасы өткенін, әлемді жаяу аралау мақсатында жолға шығатынын, сапарын тамыздың 2-сі күні Атыраудан бастайтыны туралы көпшілікті құлағдар етті.