• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Шілде, 2023

Алғашқы жүлде қоржында

148 рет
көрсетілді

Қытайдың Чэнду қаласында алауы тұтанған студент спортшылар ара­сындағы ХХХІ Жазғы универ­сиаданың екінші күнінде ел қоржынына қола жүлде түсті.

Студенттер сайысының екінші күнінде төрт спорт түрінен алғашқы жүлделер са­рап­қа салынды. Дзюдо спорты бойынша өт­кен бәсекелерде татамиге шыққан 66 кг сал­­мақтағы отандасымыз Сұңғат Жұбат­қан қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін болған кездесуде ол өзбекстандық Абду­рахим Нутфуллоевтан айласын асырды. Бұл сал­мақта Сұңғатты жартылай финалда алып жық­қан жапониялық Хаттори Шинсей топ жарды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Сұңғат Жұбатқан маусым айында Душанбеде өткен Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанып, Астанада тұңғыш рет ұйымдастырылған «Grand Slam» турниріне қатысқан. Сондай-ақ ол 2015 жылы кадеттер (18 жасқа дейінгі) арасында Азия чемпионы атанған.

Айта кетейік, Универсиадада 18 спорт түрінен 269 медаль сарапқа салынып жатыр. Бұл жарысқа садақ ату, гимнастика, жеңіл ат­ле­тика, семсерлесу, дзюдо, жүзу, үстел тен­нисі, таэквондо, ушу сияқты 11 спорт түрі­нен 93 спортшыдан тұратын Қазақстан­ның спорт­тық студенттік құрамасы қатысып жатыр.