Ұлттық банк доллар мен рубльдің 31 шілдеге арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,68 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,90 теңге.
28 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,95 теңгеге қымбаттап, 445,65 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 444 – 448 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,77 – 4,99 аралығында саудаланып жатыр.